🇰🇿 Әскери қызметкерлермен кездесу
№14 жалпы білім беретін мектепте оқушылармен маңызды кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға:
– 1-санатты старшина Райымханов Болат Амангелдіұлы, 29011 әскери бөлімінің әскери қызметкері
– 2-дәрежелі капитан Ұнайбаев Есіркеп Жарылқасынович
– Ақтөбе қаласындағы ВИСВО әскери-теңіз кафедрасының өкілі, подполковник Қаубаев Қанатбай Наурызбаевич
-Ақтау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының тәрбиелік және идеологиялық жұмыстар тобының бастығы — лейтенант Айыпов Азамат Айыпұлы қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға әскери қызметтің маңыздылығы, Отан алдындағы борыш, патриотизм мен тәртіптің мәні туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, «Әскери жоғары оқу орындарына және әскери колледждерге түсу» тақырыбында ақпарат беріліп, талаптары мен мүмкіндіктері таныстырылды.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты.
Мұндай кездесулер жас ұрпақты елжандылыққа, жауапкершілікке және Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуде ерекше рөл атқарады 🇰🇿
#адалазамат
#әскериқызметшілер
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@rumcdo.kz
@aktau.bilim_bolimi
@rumcdo.kz
