Skip to content

🇰🇿 Әскери қызметкерлермен кездесу №14 жалпы білім беретін мектепте оқушылармен…

🇰🇿 Әскери қызметкерлермен кездесу

№14 жалпы білім беретін мектепте оқушылармен маңызды кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға:

Кездесу барысында оқушыларға әскери қызметтің маңыздылығы, Отан алдындағы борыш, патриотизм мен тәртіптің мәні туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, «Әскери жоғары оқу орындарына және әскери колледждерге түсу» тақырыбында ақпарат беріліп, талаптары мен мүмкіндіктері таныстырылды.

Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты.
Іс шараға
-II дәрежелі капитан Унайбаев Есіркеп Жарылқасынұлы, Ақтөбе қаласындағы ВИСВО әскери-теңіз кафедрасының өкілі, подполковник Каубаев Қанатбай Наурызбайұлы , Ақтау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының тәрбиелік және идеологиялық жұмыстар тобының бастығы лейтенант Айыпов Азамат Айыпұлы, 1-дәрежелі старшина Райымханов Болат Амангелдіұлы 29011 әскери болимінің әскери қызметкері қатысты.
Мұндай кездесулер жас ұрпақты елжандылыққа, жауапкершілікке және Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуде ерекше рөл атқарады 🇰🇿
Өткізген: ДТЖО, АӘжТД Отуркулиева К.О.

#адалазамат
#әскериқызметкерлерменкездесу

@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@birtutas_tarbie_mangystau
@aktau.bilim_bolimi
@rumcdo.kz