📘 Бақылау процесін жүйелеу: мектепішілік жоспарлаудың тиімді әдістері
2025 жылдың 3 желтоқсан күні мектебімізде «Бақылау процесін жүйелеу: мектепішілік жоспарлаудың тиімді әдістері» тақырыбында семинар-практикумды директордың оқу жұмыс жөніндегі орынбасары Г.С. Бижанова өткізді.
Семинарға мектеп әкімшілігі, бірлестік жетекшілері және пән мұғалімдері қатысты.
🎯 Іс-шараның мақсаты: 28 қараша күні Мұнайлы ауданы Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп КММ-де өткен «Мектеп дамуының жаңа бағыты: жаңашыл жобалар және әдістемелік трансформация» тақырыбындағы облыстық семинарда ұсынылған озық тәжірибелерді педагогтерге таныстыру, талқылау және болашаққа жұмыс жоспарлау.
Мектепішілік бақылау процесін жүйелеу, пән мұғалімдерінің жоспарлау және талдау дағдыларын дамыту, оқу-тәрбие сапасын арттыруға бағытталған тиімді әдістерді ұсыну және педагогтер арасында тәжірибе алмасуға жағдай жасау.
⭐ Іс-шара барысында
Қатысушыларға мектепішілік бақылау сапасын арттыру, жоспарлауды жүйелеу және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында түрлі талдау жұмыстары мен практикалық тапсырмалар ұсынылды.
Семинар кезінде мұғалімдер төмендегі кейс тапсырмаларымен жұмыс жасады:
1️⃣ «Қағаз жүзінде ғана қалған КМЖ»
2️⃣ «Көрінбейтін шығармашылық»
3️⃣ «Эксперимент жасаймыз, бірақ түсінбейміз»
4️⃣ «Мәтінді оқимыз, бірақ талдамаймыз»
5️⃣ «Сіздер оқытасыз, біз ақша береміз»
Бұл кейстер мұғалімдердің күнделікті жұмысында жиі кездесетін жағдайларды талдауға, мәселені анықтауға және тиімді шешім жолдарын табуға бағытталды.
Семинар-практикум педагогтер арасында кәсіби диалог орнатып, мектепішілік бақылау мен жоспарлау жұмыстарын жүйелеуде жаңа идеялар мен тиімді әдістерді енгізуге мүмкіндік берді.
Іс-шараға белсенді атсалысқан әріптестерімізге алғыс білдіреміз!
Бірге үйренеміз, бірге дамимыз!
#️⃣ #семинарпрактикум #мектепішілікбақылау #жоспарлау #әдістемелікқолдау #білімсапасы #педагогдамуы
