🌈 «БАЛАҚАЙЛАР МЕКТЕБІ» — МЕКТЕПКЕ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ
№14 жалпы білім беретін мектепте болашақ 1-сынып оқушыларына арналған «Балақайлар мектебі» ұйымдастырылды.
Мақсаты — мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бүлдіршіндердің жаңа ортаға бейімделуіне жағдай жасау, оқу үдерісіне қызығушылығын арттыру және мектеп өміріне психологиялық тұрғыдан дайындау.
«Балақайлар мектебі» аясында оқушылар ойын арқылы түрлі танымдық тапсырмалар орындап, ұстаздармен және өз қатарластарымен танысып, мектеп ережелерімен алғашқы рет танысты. 📚
Балалардың мектепке деген жағымды көзқарасын қалыптастыру, өзіне деген сенімділігін арттыру және алғашқы қадамын сәтті бастау — басты назарда.
✨ Мектепке жасалған әрбір қадам — білімге бастар үлкен жолдың бастауы!
Болашақ бірінші сынып оқушыларына сәттілік, ізденіс және жарқын оқу жолын тілейміз!
#балақайлармектебі
@birtutas_tarbie_mangystau
@rumcdo.kz
@aktau.bilim_bolimi
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
