🎨 БАСТАУЫШ СЫНЫПТАР БІРЛЕСТІГІ
📌 Әдістемелік кеңес: Жаңа оқу жылының басты басымдықтары мен стратегиялық міндеттері
Мектебімізде педагогтердің кәсіби дамуы мен оқу-тәрбие процесін жүйелеуге арналған маңызды жиын болып өтті. Күн тәртібінде білім беру сапасын арттыруға бағытталған өзекті мәселелер карастырылды.
Негізгі талқыланған бағыттар мен міндеттер:
✨ 1. Нормативтік-әдістемелік бағдар: Жаңа оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқаулық хаттың негізгі талаптары таныстырылып, білім беру мазмұнын іске асыру жолдары жан-жақты талқыланды.
✨ 2. Кәсіби даму мен жаңашылдық: «Педагогтерді аттестаттау – 2026» пилоттық жобасының шарттары мен жаңа ережелері түсіндіріліп, мұғалімдердің біліктілігін растау мен арттыру бағытындағы өгерістер сараланды.
✨ 3. Стратегиялық жоспарлау: Оқу процесін ырғақты әрі жүйелі ұйымдастыру мақсатында жылдық күнтізбелік-тематикалық жоспар сараланып, ресми түрде бекітілді.
✨ 4. Сапалы сабақ – табысты нәтиже: Сабақтың тиімділігін арттыру және заманауи педагогикалық технологияларды қолдану бойынша қысқа мерзімді жоспарларды (ҚМЖ) құрудың негізгі талаптары мен алгоритмдері нақтыланды.
✨ 5. Дарынды педагогтер мен оқушыларды қолдау: 514 бұйрыққа сәйкес ұ�
