🏫Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі бекітілді
✅ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2026–2027 оқу жылына арналған бірінші сыныпқа құжат қабылдауды кезең-кезеңімен ұйымдастыру кестесін бекітті.
✅ Құжат қабылдау 2026 жылғы 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында жүргізіледі. Бұл тәсіл ақпараттық жүйелерге түсетін жүктемені азайтып, ата-аналар үшін өтініш беру процесін барынша ыңғайлы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
✅ Құжаттарды электрондық үкімет порталында тіркелу арқылы OQU платформасы арқылы онлайн форматта, сондай-ақ білім беру ұйымдарына тікелей жүгіну арқылы тапсыруға болады.
🗺Өңірлер бойынша қабылдау мерзімдері төмендегідей:
🔔27 мамыр – 31 тамыз:
Астана қаласы, Абай, Жетісу, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстары.
🔔10 маусым – 31 тамыз:
Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары.
🔔18 маусым – 31 тамыз:
Шымкент қаласы, Алматы, Қостанай, Павлодар және Атырау облыстары.
🔔29 маусым – 31 тамыз:
Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары және Ұлытау облысы.
_____________________
📱instagram📱facebook📱tiktok📱website
