🇰🇿 ДӘСТҮР МЕН ШЕБЕРЛІК: БОЛАШАҚҚА ЖОЛ 🇰🇿
WorldSkills Kazakhstan қозғалысының құрамдас бөлігі — «DalaSkills» республикалық чемпионаты аясында өтіп жатқан «Абилимпикс: Дала дәстүрі – болашақ мүмкіндіктер» инклюзивті фестивалінде біздің мектеп бақ сынауда!
Бұл дода — кәсіби шеберлік пен ұлттық құндылықтар тоғысқан, тең мүмкіндіктер мен биік жігердің алаңы.
📌 Құзыреттілік бағыты: «Қазақтың дәстүрлі қамыр тағамдарын дайындау»
👩🍳 Қатысушы: Ахматқызы Ажат
👩🏫 Жетекшісі: Медоуова Үміт Етмишовна
Абат пен Үміт Етмишовнаның бірлескен еңбегі — бұл:
✨ Ұлттық тағамдарымыздың дәстүрін сақтау;
✨ WorldSkills стандарттарына сай кәсіби ептілік;
✨ Кедергілерді жеңетін қажырлы еңбек пен табандылық.
Абилимпикс — тек жарыс емес, бұл әрбір қатысушының өз талантын қоғамға паш етіп, «мүмкіндіктердің шексіз» екенін дәлелдейтін сәті. Біздің мектеп намысын қорғап жатқан Ажатқа шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!
Шәкірттің бабы мен бағын қатар шапқан жетекшінің еңбегі жана берсін! 🔥
#Abilympics2026 #WorldSkillsKazakhstan #DalaSkills #Абилимпикс #ИнклюзивтіБілім ҚазақДәстүрі ҰлттықТағамдар 14Мектеп
