Экскурсия тақырыбы: Болашақ мамандыққа қадам: экскурсия №103 мекемесінде
Мақсаты:
Оқушыларды №103 мекеменің қызметімен таныстыру, мамандықтар туралы түсінік беру, кәсіби бағдар беру арқылы болашақ мамандық таңдауға бағыттау.
Сынып: 9-сынып
Оқушы саны: 17
Кәсіптік бағдар беруші: Муналбаева Г.А.
Экскурсия барысында оқушылар мекеменің жұмысымен танысып, әртүрлі мамандық иелерімен сұхбаттасты. Сонымен қатар, жұмыс орындарын көріп, қызметкерлердің күнделікті атқаратын міндеттері туралы мағлұмат алды.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандықтардың ерекшеліктері туралы толық ақпарат алды. Экскурсия оқушылардың болашақ мамандық таңдауға деген қызығушылығын арттырды.
#мамандығыммақтанышым @aktau.bilim_bolimi @mangystau_obl_bilim_baskarmasy @aktau_oku_adistemelik_ortaligi
