🥖✨ ЕҢБЕК ПЕН ШЕБЕРЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ ✨🥖
Abilympics – 2026 кәсіби шеберлік конкурсы
ерекше білім беру қажеттіліктері бар және мүмкіндігі шектеулі оқушылар арасында Құзыреттілік бағыты: «Хлебопечение» номинациясы
👦 Қатысушы: Шайахметов Тимур — 5 «А» сынып оқушысы
👩🏫 Жетекшісі: Абдулаева Меруерт
Нан пісіру — адамзатқа ежелден қастерлі кәсіп.
Бұл өнер ұқыптылықты, төзімділікті, жауапкершілікті және шынайы еңбекті талап етеді.
Тимур байқау барысында өз қолымен дайындаған өнімдері арқылы кәсіби дағдыларын көрсетіп, еңбекке деген қызығушылығы мен талпынысын дәлелдей білді.
Жетекшісінің қолдауы мен бағыт-бағдары жас қатысушының шеберлігін шыңдап, өзіне деген сенімін арттырды.
Осындай байқаулар балалардың қабілетін ашып, олардың болашақ мамандыққа деген алғашқы қадамдарын нығайтады.
👏 Қатысушымызға жаңа жетістіктер, шығармашылық табыс және жарқын жеңістер тілейміз!
Еңбек — табысқа жеткізер ең сенімді жол!
#Abilympics2026
#Хлебопечение
#КәсібиШеберлік
#ИнклюзивтіБілім
#ЖасШебер
#ЕңбекҚұрметі
#Шабыт
#Жетістік
#БолашақМаманы
