🏅🏅🏅Хамзе Ғұлама — МОББ АҚБББ “№14 ЖББМ” КММ-нің 11 “Ә” сынып оқушысы Жапония мемлекеті Токио қаласынан дзюдодан Сурдлимпиада чемпионы атанды.Айта кетейік, бүгінгі жеңіс Маңғыстау тарихында алғаш рет Сурдлимпиада ойындарында алынған «алтын» медаль ретінде тіркелді. Ғұлама Хамзе – ел намысын жоғары деңгейде қорғап, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттырған жас спортшы.
Біз Ғұламамен мақтанамыз! Ғұламаның жеңісі – бүкіл халқымыз үшін үлкен қуаныш. Мұндай талапты және қайсар спортшылардың арқасында көк туымыз халықаралық аренада биікке желбіреп жүр.
#олимпиа
#адалазамат
#спортактау🇰🇿🇰🇿🇰🇿
#дзюдо
