Skip to content

📢 Интернет экстремизм идеяларының насихаттау көзі 2026 жылғы 15 сәуір…

📢 Интернет экстремизм идеяларының насихаттау көзі

2026 жылғы 15 сәуір күні Ақтау қаласындағы №14 жалпы білім беретін мектепте ақпараттық-түсіндіру бағытында арнайы кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға 30 оқушы қатысты.

Кездесуге Дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығының өкілі Жұлдыз Якубқызы Аталикова қатысып, жастарға деструктивті діни ағымдардың алдын алу және интернет кеңістігіндегі экстремизм идеяларынан сақтану жолдары туралы маңызды ақпарат берді.

Кездесу барысында оқушыларға деструктивті ағымдардың белгілері мен сипаты, олардың алдын алу тәсілдері, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен өзара құрметтің маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.

Іс-шара соңында қатысушылар арасында тақырыпқа байланысты сауалнама жүргізіліп, олардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды.

#адалазамат
#интернетэкстремизмидея
#экстремизм

@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@birtutas_tarbie_mangystau
@rumcdo.kz
@aktau.bilim_bolimi