📌📌📌”Қысқы демалыс кезіндегі қызықты сәттер”
Қысқы демалыс кезеңінде мектебіміздің оқушыларының бос уақытын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастыру мақсатында бірқатар тәрбиелік және танымдық іс-шаралар өткізілді. Демалыс барысында оқушылардың қауіпсіздігі мен тәртібі үнемі назарда болды. Демалыс күндері мектеп оқушыларымен бірге мұражайға экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында оқушылар тарихи жәдігерлермен танысып, халқымыздың мәдени мұрасы туралы құнды мәліметтер алды. Бұл іс-шара оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар оқушылар түрлі ойын-сауықтық және танымдық ойындарға белсене қатысты. Ұйымдастырылған ойындар оқушылардың ұйымшылдығын, бір-бірімен қарым-қатынасын нығайтуға ықпал етті және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды. Қысқы демалыс кезінде қолөнер бағытында шығармашылық жұмыстар жүргізілді. Оқушылар әртүрлі материалдарды пайдаланып, қолөнер бұйымдарын жасап, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Бұл жұмыстар оқушыларды еңбекке баулып, эстетикалық талғамын дамытуға мүмкіндік берді.
#адалазамат
#қысқыдемалыскүндері❄
@aktau.bilim_bolimi
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@birtutas_tarbie_mangystau
@rumcdo.kz
