Skip to content

Маңғыстауда өнеркәсіп және логистика салаларында ірі жобалар жүзеге асырылуда 12…

Маңғыстауда өнеркәсіп және логистика салаларында ірі жобалар жүзеге асырылуда

12 тамызда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай жұмыс сапары барысында «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағына барып, өнеркәсіп және логистика салаларындағы ірі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысымен танысты.

Сапар барысында құрылыс қарқынына, белгіленген мерзімдердің сақталуына, жұмыстардың сапасына және жаңа өндірістік қуаттарды іске қосу перспективаларына ерекше назар аударылды.

12 тамызда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай жұмыс сапары барысында «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағына барып, өнеркәсіп және логистика салаларындағы ірі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысымен танысты.Жұмыс сапары аясында облыс әкімі «Eurasia Supply Chain Aktau» ЖШС Еуразиялық жеткізу тізбегі базасының қызметімен де танысты.

Логистикалық кешен «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағындағы 22,7 гектар жер учаскесінде орналасқан. Жобаға салынған инвестиция көлемі 10 млрд теңгені құрайды. Базаның қуаттылығы бір мезетте 5 мыңға дейін жиырма футтық теңіз контейнерін сақтауға мүмкіндік береді. Оның аумағында транзиттік кеден қоймасы мен халықаралық контейнерлі

↑