Маңғыстауда «Заңға құрмет – елге құрмет» республикалық Quiz зияткерлік сайысы өтті
Маңғыстау облысында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Заңға құрмет – елге құрмет» республикалық Quiz зияткерлік сайысы өтті. Іс-шара Маңғыстау облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Эко Маңғыстау» қоғамдық бірлестігімен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Зияткерлік сайысқа Маңғыстау өңірінің командаларымен қатар, Астана, Атырау, Орал және Ақтөбе қалаларынан келген қатысушылар да қатысты. Жалпы сайысқа 24 команда қатысты.
Сайыс барысында қатысушылар заңнама, құқықтық мәдениет, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидаты бойынша білімдерін сынады.
Зияткерлік Quiz 7 кезеңнен тұрды. Қатысушылар жалпы саны 49 сұраққа жауап беріп, білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін ортаға салды. Сайыс қорытындысы бойынша үздік деп танылған 5 команда жүлделі орындармен марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге табысталған жүлде қорының жалпы көлемі 1 млн 800 мың теңгені құрады.
Республикалық сайыс қорытындысында қатысушылар өз білімдерін саралап қана қоймай, құқықтық сауаттылық пен заң талап�
