Skip to content

✨ “Менің қолымнан бәрі келеді” дамытушы шеберлік сабақтары апталығы ✨…

✨ “Менің қолымнан бәрі келеді” дамытушы шеберлік сабақтары апталығы ✨

2025 жылдың 26 қараша күні ерекше білім беруді қажет ететін 4,5 сынып оқушылармен “Жылдам және дәл” атты қимыл үйлесімділігін дамытуға бағытталған ойындар күні өткізілді.

Бұл іс-шараның мақсаты — балалардың:
👐 ұсақ моторикасын дамыту;
🤸 қимыл үйлесімділігін арттыру;
🎨 шығармашылық қабілетін шыңдау;
💫 өз күшіне деген сенімділігін нығайту.

Оқушылар түрлі ойлау мен қимылды біріктіретін қызықты жаттығулар орындап, жылдамдық пен дәлдікті қажет ететін ойындарға белсене қатысып, керемет эмоцияларға бөленді.

Осындай дамытушы шаралар балалардың әлеуетін ашуға, өздеріне деген сенімділігін қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

Жауаптылар:
📌 Орысбай А.К. – директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары
📌 Маратқызы А. – педагог-логопед, дефектолог