📍 МОББ Ақтау қаласы бойынша ББ «№14 ЖББ мектеп» КММ-де
Ағылшын тілі пәні мұғалімдері «Ағылшын тілі сабағында инновациялық технологиялар мен шығармашылық тәжірибені тиімді қолдану» тақырыбындағы мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған семинар-воркшоп өтті.
🎯 Мақсат:
Заманауи педагогикалық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын сабақ үдерісіне тиімді енгізу арқылы мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
🔹 Панорамалық сабақ
🔹 Сабақты талдау және сапалы кері байланыс
🔹 Жобалық жұмыстарды қорғау
🔹 ЖИ платформаларын қолдану жолдары
🔹Идея + қолдану = нәтиже педагогикалық идеялар шеруі
🔹 Критериалды бағалау бойынша практикалық тапсырмалар
🔹Оқушылармен жұмыс нәтижесі
Семинар барысында мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен толықты, кәсіби дамуға бағытталған нақты құралдар алды.
✨ Сапалы білім – үздіксіз ізденіс пен бірлескен еңбектің нәтижесі.
Барлық қатысушыларға белсенділік пен кәсіби ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз!
#ЗаманауиМұғалім
#Инновация
#Технология
#Тәжірибе
#СеминарВоркшоп
