Skip to content

🌸 «Наурыз – береке бастауы» 🌸 Мектебімізде 6–7 сынып оқушыларының…

🌸 «Наурыз – береке бастауы» 🌸

Мектебімізде 6–7 сынып оқушыларының қатысуымен Ұлыстың ұлы күніне арналған «Наурыз – береке бастауы» атты танымдық әрі көңілді сайыс ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық тағамдарын таныстырып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сайыс бірнеше қызықты кезеңнен тұрды. Алдымен қатысушылар «Таныстыру» кезеңінде өз топтарын ерекше өнермен таныстырды. «Салт-дәстүрді білесің бе?» бөлімінде оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы сұрақтарға жауап беріп, білімдерін көрсетті.

«Ұлттық тағамдар» кезеңінде әр оқушықазақтың дәстүрлі тағамдарын таныстырып, олардың жасалу жолы мен маңызын айтып өтті. Ал «Өнерлі өрге жүзер» бөлімінде оқушылар ән айтып, би билеп, күй тартып, өз өнерлерін ортаға салды.

Сондай-ақ «Мақал – сөздің мәйегі» кезеңінде мақал-мәтелдерді жалғастырып, тапқырлықтарын көрсетті. Соңында «Қазақша Quiz» кезеңі өткізіліп, оқушылар Наурыз мерекесі, тарих және ұлттық құндылықтар туралы сұрақтарға жауап берді.

Шара барысында оқушылар белсенділік танытып, өзара білімдері мен өнерлерін ортаға салды. Мұндай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, салт-дәстүрімізді құрметтеуге баулиды.

#8наурызхалықаралықәйелдеркүні
#адалазамат
#наурызберекебастауы

@birtutas_tarbie_mangystau
@rumcdo.kz
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@aktau.bilim_bolimi