Skip to content

📌📌📌”Оқушылардың жеке бас гигиенасы” Бүгін бастауыш сынып оқушыларына”Оқушылардың жеке бас…

📌📌📌”Оқушылардың жеке бас гигиенасы”

Бүгін бастауыш сынып оқушыларына”Оқушылардың жеке бас гигиенасы” тақырыбында мектебіміздің медбикелері Турмаганбетова К.О және Кульмуханова Ж.К түсінік жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға:
– қолды жиі және дұрыс жуу;
– тырнақ, шаш, тері күтімі;
– таза киім кию және оны уақытылы ауыстыру;
– тіс гигиенасын сақтау;
– спортпен шұғылдану және дұрыс тамақтану;
– күн тәртібін сақтау

сияқты негізгі гигиеналық талаптар түсіндірілді. Сонымен бірге қоғамдық орындарда, мектепте және үй жағдайында тазалық сақтамаудың салдары, жұқпалы аурулардың алдын алу жолдары айтылды.

Сабақ соңында оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, гигиенаны сақтау бойынша қандай әдеттерді өз өмірінде қолданатыны туралы ой бөлісті. Түсінік жұмысы оқушылардың денсаулық туралы жауапкершілігін арттыруға және дұрыс дағдыларды қалыптастыруға бағытталды.

#адалазамат

#жекебасгигиенасы

@birtutas_tarbie_mangystau
@aktau.bilim_bolimi
@rumcdo.kz
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy