Skip to content

✨ ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕР:ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ АЛАҢЫ 📅 26 наурыз 2026…

✨ ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕР:ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ АЛАҢЫ

📅 26 наурыз 2026 жылы мектебімізде қала деңгейінде авторлық бағдарламасы және әдістемелік құралдарын таратқан ұстаздарымыздың тәжірибелерін алмасуға арналған мазмұнды семинар өтті.

🔹 Семинар барысында педагогтер заманауи білім беру үрдісіндегі инновациялық тәсілдермен бөлісіп, өз тәжірибелерін ұсынды.

👩‍🏫 Спикерлер:
🔸 Джумагалиева Ж.Э. – Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары
🔸 Джумаева А.С.– Интерактивті сабақтар мен шынайы өмірге негізделген жобалар
🔸 Таскинбаева Г.И. – 10–11 сыныптарға арналған есептер жинағы
🔸 Жолдасов Ш.М. – Ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесін қалыптастыру
🔸 Бижанова Ғ.С. – Оқушылардың физикалық белсенділігін арттыруға арналған шығармашылық жобалар
🔸 Бесбаева Б.К. – Сараптамалық кеңес ережесіндегі өзгерістер.

💡 Қатысушылар функционалдық сауаттылық, жобалық оқыту, ұлттық құндылықтар мен белсенді оқыту әдістері бойынша құнды тәжірибе жинақтады.

🏅 Семинар соңында барлық спикерлерге сертификаттар табысталды.

#инновациялықоқыту
#тәжірибеалмасу
#мұғалім
#білімберу
#семинар
#педагогика