Skip to content

👩🏻‍🏫 ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІК САНАТЫ БОЙЫНША МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ…

👩🏻‍🏫 ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІК САНАТЫ БОЙЫНША МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН, ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМЛАСТЫРУ ҚАБІЛЕТІН, ЗАМАНАУИ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙІН ТӘЖІРИБЕ ЖҮЗІНДЕ КӨРСЕТУ МАҚСАТЫНДА ПЕДАГОГ-ШЕБЕР, ПЕДАГОГ-ЗЕРТТЕУШІ САНАТЫНДАҒЫ ҰСТАЗДАРДЫҢ ОНКҮНДІГІ.
📆2025 жылдың 14 қараша күні бастауыш сынып мұғалімі Жанаева Болган Губайдуллиевна 4 «Б» сыныбына қазақ тілі пәнінен «Сөйлемнің бірыңғай мүшелері»/«Абай шығармалары – ұрпаққа мұра» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
✅Сабақтың оқу мақсаттары:
📌4.3.7.2 – сөйлемнің бірыңғай мүшелерін ажырату және тыныс белгісін (үтір, қос нүкте) қою;
4.2.4.1 – мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды тұжырымдау;
✅Сабақтың басында бағалау дескрипторы таныстырылып, өткен материал мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында «Бәйтерек» әдісі бойынша оқушылар сұрақтарға жауап берді. ЖИ әдісімен ереже қайталанды. «Абай мен Жанғұтты шешен» мәтіні бойынша бейнежазба көрсетіліп, оқушылар Абай Құнанбаев туралы көптеген құнды мағлұматтар алды. «Абай -дана, Абай- дара қазақта» ЖИ ойын әдісі бойынша балалар Абай туралы сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты.
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі бойынша жұптық жұмыс жүргізілді, балалар пішіндер арқылы нақыл сөзді тауып, өз ойларымен бөлісті. Топтық жұмыста сәйкестендіру, сөйлемді мағынасы сай келетін бірыңғай мүшелермен толықтыру, сөйлемнен бірыңғай мүшелерді табу сияқты қызықты тапсырмалар орындалды. Сабақтың әрбір этапы мәдени мұрамен байланыстырылып отырды. Алған білімдерін бекіту қызықты «Торсық» әдісімен жүргізілді. Балалар әр тапсырма сайын өзін-өзі «Домбыра» әдісімен бағалап отырды. Сабақ соңында қоржынға асықтар салу арқылы кері байланыс жасалды.