Skip to content

👩🏻‍🏫 ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІК САНАТЫ БОЙЫНША МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ…

👩🏻‍🏫 ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІК САНАТЫ БОЙЫНША МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН, ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМЛАСТЫРУ ҚАБІЛЕТІН, ЗАМАНАУИ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙІН ТӘЖІРИБЕ ЖҮЗІНДЕ КӨРСЕТУ МАҚСАТЫНДА ПЕДАГОГ-ШЕБЕР, ПЕДАГОГ-ЗЕРТТЕУШІ САНАТЫНДАҒЫ ҰСТАЗДАРДЫҢ ОНКҮНДІГІ.
📆2025жылдың 13қараша күні бастауыш сынып мұғалімі педагог-зерттеуші Болтекова Шынарай Насихатовна 2”Б”сыныбына қазақ тілі пәнінен “Хабарлы сөйлем”тақырыбында ашық сабақ өткізді.
✅Сабақтың оқу мақсаты:
📌2.3.7.1 сөйлем түрлерінің айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін(нүкте,сұрақ белгісі,леп белгісі)қолдану
2.3.4.1мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді,сөйлем,суреттерді пайдаланып,қарапайым постер,құттықтау,нұсқаулық(бұйым жасау нұсқаулығы,қауіпсіздік ережесін)құрастыру
2.2.3.1 мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
✅Сабақ барысында мұғалім бірнеше әдіс-тәсілдерді қолданып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруға жұмыстанды.Топтық,жұптық және жеке жұмыстар орындату барысында “Додоказдр”ойын әдісін,”Көршіңмен әңгімелес”әдісі,”Ұяшық таңдау”әдісі’”Саған сұрақ”әдістерін ұтымды пайдаланды.Әсіресе жаңа сабақты меңгерту барысында Жасанды интелектті платформасымен оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға,бірлесіп жұмыс жасау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.