👩🏻🏫 ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІК САНАТЫ БОЙЫНША МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН, ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМЛАСТЫРУ ҚАБІЛЕТІН, ЗАМАНАУИ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙІН ТӘЖІРИБЕ ЖҮЗІНДЕ КӨРСЕТУ МАҚСАТЫНДА ПЕДАГОГ-МОДЕРАТОР САНАТЫНДАҒЫ ҰСТАЗДАРДЫҢ ОНКҮНДІГІ.
📆2025 жылдың 5 желтоқсан күні дене шынықтыру пәні мұғалімі, педагог – модератор Бижанова Галия Сулейменовна 6 “А” сыныбына “ Снарядтағы жаттығулар кезіндегі өзін-өзі реттеу. Гимнастикалық төсеніште жаттығулар жасау“ тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
✅Сабақтың оқу мақсаты: 📌
6.1.5.1 – бірқатар дене жаттығуларының тактикаларын, қауіпсіздік ережелерін және өзін-өзі реттеу тәсілдерін түсіну және қолдану.
✅Сабақ барысында heygen Ai сайты арқылы Мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбы мен сабақ мақсатымен таныстырады. Оқу мақсатына оқушылардың назарын аудартады. Сабақ барысында қолданылатын қауіпсідік ережесін сұрақ-жауап тәсілімен сұрастырды. тақырыпты түсіндіру мақсатында Gemini Storybook платформасында ертегі көрсетілді. Зертханалық жұмысты топта орындады, Сабақ топтық, жұптық, жеке оқу белсенділерімен жүргізілді. Жұптық жұмыста қазақтың ұлттық ойыны “Оқтау тартыс” ойыны арқылы “Акробатикалық таяқша тартыс “ әдісі арқылы ұлттық құндылықты дәріптеді. Жеке жұмыс түрінде “Гимнастикалық галерея» әдісі арқылы Гимнастикалық төсеніштегі негізгі жаттығулар мен снарядтағы жаттығуларды ретімен орындады. Оқушыларды сергіту мақсатында “Жебе бағытымен жылдам қимыл” ойынын ойнады.
Сабақ соңында “3-2-1 әдісі арқылы кері байланыс жасады.
