Skip to content

Педагог кадрлардың біліктілік санаты бойынша мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін, педагогикалық шеберлігін…

Педагог кадрлардың біліктілік санаты бойынша мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін, педагогикалық шеберлігін , оқу үдерісін ұйымдастыру қабілетін, заманауи әдіс тәсілдерді меңгеру деңгейін тәжірибе жүзінде көрсету мақсатында педагог-сарапшы санатындағы ұстаздардың онкүндігі.

2025 жылдың 20 қараша күні Бастауыш сынып мұғалімі, педагог-сарапшы Жетешова Жанат Жалгасбаевна 1«Г» сыныбына “Ә әріпі және дыбысы “тақырыбына ашық сабақ өткізді.
✅Сабақтың оқу мақсаты:
1.1.5.2 сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін әуен, қарқын, кідірісті сақтау, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізу;
1.2.1.2 оқу түрлерін(буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу ) қолдану;
1.3.6.1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір -бірімен байланысын көркем жазу.
✅сабақ барысында “шашылған буындардан сөз құрау” “кім жылдам” ойындары арқылы, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етті.