✨ «Психикалық денсаулықты дамыту, сақтау және нығайту, сондай-ақ өмірлік қиындықтарды жеңе білу»
Жастар орталығы «Тұмар» АГП-2 ұйымдастыруымен «Психикалық денсаулықты дамыту, сақтау және нығайту, сондай-ақ өмірлік қиындықтарды жеңе білу» тақырыбында маңызды акция өткізілді.
Шараға мектебіміздің жоғары сынып оқушылары белсене қатысты. Іс-шара барысында АГП-2 емханасының дәрігерлері психикалық денсаулықтың маңыздылығы, оны сақтау жолдары, жасөспірімдер арасындағы эмоционалдық тұрақтылық және өмірлік қиындықтарды еңсеру тәсілдері туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан пайдалы кеңестер алды. Мұндай кездесулер жасөспірімдердің өмірлік дағдыларын қалыптастыруға және психологиялық сауаттылығын арттыруға үлкен үлес қосады.
#адалазамат
#психикалықденсаулық
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@aktau.bilim_bolimi
@rumcdo.kz
@birtutas_tarbie_mangystau
