🏃♀️ «Салауатты ұрпақ»
Заң және тәртіп құндылығы аясында салауатты өмір салтын насихаттау және оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында 5-сынып оқушылары арасында «Салауатты ұрпақ» атты эстафеталық жарыс ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.
Жарыс барысында оқушылар әртүрлі эстафеталық тапсырмаларға қатысып, өздерінің жылдамдығын, ептілігін, төзімділігін және командалық бірлігін көрсете білді. Әр кезең оқушылар үшін қызықты әрі тартысты өтті.
Аталған шара оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен тұрақты айналысуға, бір-бірін қолдауға және жеңіске деген жігерін шыңдауға бағытталды. Сонымен қатар, жарыс барысында достық қарым-қатынас пен өзара сыйластық нығая түсті.
💪 Эстафеталық жарыс оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, олардың дене белсенділігін арттыруға үлкен серпін берді.
👨🏫 Өткізген: Кубесов Б.
#СалауаттыҰрпақ
#СалауаттыӨмірСалты
#ЭстафеталықЖарыс
#адалазамат
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@rumcdo.kz
@birtutas_tarbie_mangystau
@aktau.bilim_bolimi
