Skip to content

📌📌📌«Шекара мен қолдау. Жасөспірімге өмірлік сынақтарды еңсеруге қалай көмектесуге болады?»…

📌📌📌«Шекара мен қолдау. Жасөспірімге өмірлік сынақтарды еңсеруге қалай көмектесуге болады?»
тақырыбында ата-аналарды педагогикалық қолдау аясында 10-сыныптар арасында ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жиналыс барысында төмендегі мәселелер қарастырылды:
1. Жасөспірім кезеңіндегі шекара мен қолдаудың маңызы туралы ақпарат берілді.
• Тұрақты тәртіп пен отбасылық ережелердің қажеттілігі;
• Жауапкершілік пен өзін-өзі реттеуге үйрету;
• Баламен сенімді қарым-қатынас орнату жолдары түсіндірілді.
2. Ата-аналарға ұсыныстар берілді:
• Баламен сөйлесуде сабырлы, ашық диалог жүргізу;
• Эмоциялық қолдау көрсету, баланың сезімдерін қабылдау;
• Интернет пен әлеуметтік желіні қауіпсіз пайдалануын бақылау;
• Дағдарысты жағдайларда баламен бірге шешім іздеу.
3. Жиналыс қорытындысы бойынша:
• Үйде ортақ ережелерді сақтау;
• Отбасылық қарым-қатынас мәдениетін нығайту;
• Жасөспірімге психологиялық қолдау көрсету ұсынылды.

Өткізген: Шоңаева А. А.

#адал_азамат

@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@birtutas_tarbie_mangystau
@rumcdo.kz
@aktau.bilim_bolimi