Ұстаздар мен ата-аналарға мың алғыс! ✨
29 мамыр күні өткен «Әр жүректе – бір жұлдыз» салтанатты кешіміздің ең әсерлі сәттерінің бірі – мектебіміздің тірегі болған ұстаздар мен балаларының болашағы жолында аянбай еңбек етіп жүрген ата-аналарды марапаттау сәті болды.
Баланың жетістігі – тек оқушының ғана емес, ұстаздың білімі мен ата-ананың үлкен қолдауының жемісі. Біздің мектепте осындай ынтымағы жарасқан, мақсаты бір жандардың бар екені біз үшін үлкен мақтаныш! 🤝
Кешіміздің осы бір шынайы сәттерін сіздермен бөлісеміз. Қолдауларыңыз бен еңбектеріңіз үшін алғыс айтамыз!
#№14мектеп #Ақтау #Алғыс #Ұстаздар #АтаАналар ӘрЖүректеБірЖұлдыз БілімЖолы Марапаттау
