Skip to content

✅ ҰСТАЗЫҢМЕН ДАЙЫНДАЛ – НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗ! 📍 Ақтау қаласы,…

✅ ҰСТАЗЫҢМЕН ДАЙЫНДАЛ – НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗ!
📍 Ақтау қаласы, МОББ АҚБББ “№14 ЖББМ” КММ
Тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Жексембаева Турганай
“Тарих пәнінен ҰБТ-ға дайындалудың тиімді әдіс-тәсілдері” атты видеосабағы
🌍 Тақырыбы:
Тарих пәнінен ҰБТ-ға дайындалудың тиімді әдіс-тәсілдері
🎯 Мақсаты:
Білім алушыларды ҰБТ-да жиі келетін тарихи оқиғалар мен даталарды есте сақтау жолдарымен таныстыру, тарихи терминдер мен концепцияларды жүйелі меңгерту, картамен және дереккөздермен жұмыс жасау дағдыларын дамыту. Теориялық білімді контекстік тапсырмалармен ұштастыра отырып, жоғары көрсеткішке бағыттау.
📘 Видеосабақта:
✔ Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы пәндері бойынша ҰБТ тапсырмаларына талдау жасалады;
✔ Мәтінмен жұмыс (контекстік сұрақтар) және тарихи карталарды талдау тәсілдері ұсынылады;
✔ Хронологиялық кестелер мен логикалық тізбектерді құру жолдары қарастырылады;
✔ Тарихи тұлғалар мен маңызды кезеңдерді салыстыру, талдау дағдыларын дамыту қамтылады;
✔ Емтихан кезіндегі психологиялық дайындық және уақытты басқару стратегиялары түсіндіріледі.
✨ Нәтижеге бағытталған дайындық – сапалы білім кепілі!
#ҰБТ2026 #Тарих #ҚазақстанТарихы #ТиімдіӘдістер #ПедагогЗерттеуші СапалыБілім Ақтау14ЖББМ