📚✨ Yessenov University-ге танымдық сапар!
Бүгін мектебіміздің 11-сынып оқушыларынан құралған 25 оқушы Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетіне барып, оқу орнымен жақынырақ танысты.
Оқушылар университеттің заманауи зертханаларын, оқу ғимараттарын аралап, білім беру бағдарламалары туралы толық ақпарат алды. Сонымен қатар, мамандықтар, грант мүмкіндіктері және қабылдау талаптары жайында маңызды мәліметтермен танысты.
🔹 Сапардың мақсаты – 11-сынып оқушыларына болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру және жоғары оқу орнының мүмкіндіктерімен таныстыру.
Осындай кездесулер оқушыларымызға үлкен мотивация сыйлап, болашаққа нық қадам жасауға септігін тигізеді! 💙
#YessenovUniversity #КәсіптікБағдар #11сынып #БолашақМаман #Ақтау
