Skip to content

🌟 «ЗАМАНАУИ МҰҒАЛІМ: ИННОВАЦИЯ, ТЕХНОЛОГИЯ, ТӘЖІРИБЕ» «Математика, физика және информатика…

🌟 «ЗАМАНАУИ МҰҒАЛІМ: ИННОВАЦИЯ, ТЕХНОЛОГИЯ, ТӘЖІРИБЕ»

«Математика, физика және информатика  
сабақтарында инновациялық технологиялар мен шығармашылық тәжірибені тиімді қолдану» тақырыбындағы семинар-воркшоп аясында

📌 Тәжірибе алмасу алаңы:
«Оқушы жетістігі – ұстаз еңбегінің айнасы»
*Оқушылармен жұмыс нәтижесі*

🎤 Спикерлер:
Давлетярова Айнура Кадыровна,
Карджаубаева Жанаргүл Қуанышбекқызы
*Математика және информатика пәні мұғалімдері*

Іс-шара барысында спикерлер оқушылармен жүйелі әрі мақсатты жұмыстың нәтижелерін ортаға салып, білім алушылардың оқу жетістіктерін арттыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Ұсынылған тәжірибелерде:

* оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру жолдары;
* жеке және топтық жұмыстар арқылы оқу нәтижелеріне қол жеткізу;
* олимпиадалар, байқаулар мен жобалық жұмыстардағы жетістіктерді қалыптастыру тәжірибелері көрсетілді.

Мұғалімдер оқушы жетістігінің артында ұстаздың табанды еңбегі, кәсіби шеберлігі мен үздіксіз ізденісі жатқанын нақты мысалдар арқылы дәлелдеді.

✨ Бұл тәжірибе алмасу алаңы – оқушы табысы мен мұғалім еңбегінің тығыз байланысын айқындаған мазмұнды кездесу болды.

Өз тәжірибелерімен бөлісіп, нәтижелі жұмыстарының үлгісін көрсеткен әріптестерімізге шынайы алғыс білдіреміз! 🌷