🌟 «ЗАМАНАУИ МҰҒАЛІМ: ИННОВАЦИЯ, ТЕХНОЛОГИЯ, ТӘЖІРИБЕ»
«Математика, физика және информатика сабақтарында инновациялық технологиялар мен шығармашылық тәжірибені тиімді қолдану» тақырыбындағы семинар-воркшоп аясында
📌 Рефлексия бөлімі:
«Математика, физика және информатика сабақтарында инновациялық технологиялар мен шығармашылық тәжірибені тиімді қолдану»
🎤 Жүргізушілер:
Жилгелдиева Амангүл Ургеншбаевна,
Үкібайқызы Гүлдана
*Математика, физика және информатика пәні мұғалімдері*
Рефлексия барысында қатысушылар семинар-воркшоп аясында алынған теориялық және практикалық тәжірибелерге талдау жасап, инновациялық технологияларды сабақта қолданудың тиімді тұстарын атап өтті. Талқылау кезінде:
* жасанды интеллект пен цифрлық құралдарды қолданудың артықшылықтары;
* шығармашылық тапсырмалардың оқушылардың белсенділігіне әсері;
* мұғалім тәжірибесінде туындаған ойлар мен алдағы жоспарлар ортаға салынды.
Мұғалімдер өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, кәсіби дамуға бағытталған маңызды тұжырымдар жасады.
✨ Бұл рефлексиялық бөлім – өткен іс-шараның мазмұнын қорытындылап, алдағы жұмысты жетілдіруге негіз болған маңызды кезең болды.
Іс-шараны мазмұнды қорытындылап, кәсіби ой-пікірлерімен бөліскен әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз! 🌷
