🌟 «ЗАМАНАУИ МҰҒАЛІМ: ИННОВАЦИЯ, ТЕХНОЛОГИЯ, ТӘЖІРИБЕ»
«Орыс тілі мен әдебиеті сабағында инновациялық технологиялар мен шығармашылық тәжірибені тиімді қолдану» тақырыбындағы семинар-воркшоп аясында
📌 «Сапалы бағалау – сапалы білімнің негізі»
тақырыбында бағалау тапсырмаларын құрастыру бойынша топтық жұмыс ұйымдастырылды.
🎤 Спикер:
Дузелбаева Мөлдір Бекенқызы
орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Топтық жұмыс барысында қатысушылар критериалды бағалау талаптарына сай тапсырмалар құрастырып, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерінің сәйкестігін талдады. Практикалық бағыттағы бұл жұмыс мұғалімдердің бағалау сауаттылығын арттырып, оқыту сапасын жетілдіруге мүмкіндік берді.
✨ Сапалы бағалау – оқушы жетістігін айқындайтын және білім сапасын арттыратын маңызды құрал.
Спикерге тәжірибелік жұмысты тиімді ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреміз!
#ЗаманауиМұғалім
#СапалыБағалау
#КритериалдыБағалау
#КәсібиДаму
#Инновация
#Технология
#ОрысТіліӘдебиеті
#СеминарВоркшоп
