Skip to content

«Заң біткен жерде зұлымдық басталады» ⚖️ Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру,…

«Заң біткен жерде зұлымдық басталады» ⚖️

Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрметін қалыптастыру мақсатында прокурормен кездесу өтті.

Кездесуге Ақтау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры
Еділ Қожанияз Ықыласұлы қатысып, заң талаптары, құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдер жауапкершілігі туралы маңызды мәліметтермен бөлісті.Психологиялық қолдау орталығы директорының м.а. А.Абиева оқушыларға психологиялық тренинг өткізді.Оқушыларға ситуациялық сұрақтар қойылды.Құқықбұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдер жауапкершілігі туралы оқушыларға жадынамалар таратылды.

Шара барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды.
Мұндай кездесулер – құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызды қадамы.

#адалазамат
#біртұтас_тәрбие
#прокуроры
#заңбіткенжердезұлымдықбасталады
#заңжәнетәртіп
заңментәртіп

@aktau.bilim_bolimi
@birtutas_tarbie_mangystau
@rumcdo.kz
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy