📌📌📌«Жақсылық жасап жарысайық»
“Өзін-өзі басқару” парламенттік ұйымының жоспарына сәйкес оқушыларды мейірімділікке, жанашырлыққа және қайырымдылыққа тәрбиелеу мақсатында «Жақсылық жасап жарысайық» атты қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Аталған шараға 7–8 сынып оқушылары белсене қатысып, өз қолдарынан жасаған тәтті тағамдар мен түрлі бұйымдарын саудаға шығарды. Жәрмеңке барысында оқушылар ұйымшылдық танытып, бір-біріне қолдау көрсетіп, игі іске өз үлестерін қосты.
Жиналған қаражатқа аз қамтылған отбасыларына қажетті азық-түлік өнімдері сатып алынып, көмек көрсетілді. Бұл шара оқушылардың жүрегіне мейірім ұялатып, қайырымдылықтың қадірін түсінуге үлкен әсерін тигізді.
Осындай игі бастамалар жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеп, қоғамға пайдалы тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.
#адалазамат
#жақсылықжасапжарысайық
@aktau.bilim_bolimi
@birtutas_tarbie_mangystau
@rumcdo.kz
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
